Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортшылар жеңіспен оралды

c 17:05, 24/07/2019 c 937

0:00 / 0:00

Шілденің 19-20 күндері Шешенстан Республикасында ұйымдастырылған аралас жекпе-жектен Оралдық спортшылар жеңіспен оралды. Жас өрендер сайыста алтынды қанжығалап, үш жүлделі орынға ие болды. Спорттық шара Грозный қаласында ұйымдастырылды.

Грозный қаласына жарысқа барған Оралдық жас спортшылар Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыровпен жүздесіп, естелікке суретке түсті. Шешенстандық лидермен жүздескен бүлдіршіндердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен таралып, желі қолданушылары түрлі пікірлерін ортаға салған болатын.

Шешенстан астанасында ұйымдастырылатын жарысқа Оралдық алты спортшы қатысты. Олардың біреуі алтын алса, үш бүлдіршін үздіктердің қатарынан табылды. Көрші елде ұйымдастырылған сайыс Ахмат Хадши Кадыровты еске алуға арналған.

Ал, сегіз жасар Ади Карбоне Шешенстан Республикасында өткен аралас жекпе-жекте қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, алтынды қанжығалады. бүлдіршін спортпен 5 жылдан бері айналысып келеді. Кішкентай чемпион келешекте әлемді бағындырсам деп армандайды.

Жақында ғана жарыстан оралған спортшылар екі-үш аптадай демалып, кейін, жаттығу жұмыстарын жалғастырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.