Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенаторлар ақша аударды

c 20:17, 19/03/2020 c 358

0:00 / 0:00

Сенаторлар коронавируспен күрес қорына бір күндік жалақыларын аударды.Бүгін өткен Сенаттың ойнлайн жалпы отырысында палата төрағасы Дариға Назарбаева төтенше жағдайда жұмыссыз қалатын азаматтар мәселесін көтерді. Сондай-ақ, саенаторлардың  да жұмыс күні қысқарады. Сенат аппаратының 70-тен аса қызметкері үйден жұмыс істеуде, ал қалғандары қысқартылған жұмыс күніне ауысты.

Сенаттың онлайн режимінде өткен жалпы отырысында  депутаттар елдегі төтенше жағдай мәселесін айналып өтпеді. Екі бірдей алып қала Алматы мен Нұр-Сұлтанда жарияланған карантин бизнестің жұмысын тежеп отыр. Бүкіл ірі сауда, мейрамханалар мен мәдени орталықтар жұмысына шектеу қойылды. 30 күнге жарияланған төтенше жағдай барысында жұмыскерлерін демалысқа, қашықта жұмыс істеуге немесе тіпті қысқартуға мәжбүр боылп жатқандары бар. СОVID-19 жұқпалы індетінің кесірінен елде жұмыссыздар саны артып кету қаупі бар.Сенат төрағасы жұмыссыздыққа жол бермеу мәселесін басты назарда ұстаған жөн деп, алаңдаушылық білдірді.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының депутаты; «Төтенше жағдай мен карантин, өкінішке қарай, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеп соғуда. Көптеген адам уақытша жұмыссыз қалуы мүмкін, тіпті күн көруге ақшасы болмайды.  Алматыда тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін тұрғындар  мәселесін айтсақ. Бұл шамамен 500 мың адам, бұған олардың отбасыларын қосыңыз. Мемлекеттік органдар, депутаттар бұл жағдайға жіті назар аударуы тиіс деп санаймын».

Жоғарғы палата депутаттарына  бүгінгі келеңсіз жағдай кезінде іссапарға шығуға тиым салынды. Заң шығару жұмысы жалғаса береді. Сенат аппаратының 70-тен аса қызметкері үйден жұмыс істеуде, ал қалғандары қысқартылған жұмыс күніне ауысқан. Өз кезегінде  Назарбаева әріптестеріне бір күндік жалақыларын коронавируспен күрес қорына аударуды ұсынды.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының депутаты; «Құрметті депуттар, сенат аппараты мен депутаттарының бір күндік жалақысын коронавируспен күрес қоырна аудару туралы ұсынысм бар.  Қарсылық білдіргендер жоқ па? Егер одан көбірек бөлеміз деесңіздер мархаббат. Қолдайсыздар ғой?»

Спикердің ұсынысын сабырлы сенаторлар біраузыдан қолдап, мырзалық танытты. Ішкі істер министрлігі және тағы басқа ұйымдар бір күндік айлығын қауіпті індетпен күреске бөліп жатыр. Бұл қаражат коронавируспен  күрес шараларына жұмсалмақ. Айлығы қант-шайынан ауыспайтын  полицейлер мен музей қызметкерлері бір күндік жалақысын бөліп жатқанда, елімізде қалталы азаматтар да қарап қалмас деген үміт бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемді жалмаған қауіпті індетті жеңетінімізге сенім білдірді. Қазір көптеген елдерде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр.  Ал кеше ғана Қытай коронавирустың емі табылғаны туралы сүйінші хабар таратты.  Бұл жайында Қытайдың  Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығы мәлімдеді. Сондай-ақ, тағы бір жағымды жаңалық коронавирус таралған Қытайдың Ухань қаласында бүгін ешбір науқас тіркелмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.