Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақ болайық

c 19:30, 24/02/2020 c 928

0:00 / 0:00

Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Сингапур, Малайзия, Тайланд, Австралия елдеріне  саяхат жоспарлаудың қажеті жоқ. Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Қытайда коронавирус ахуалы жақсарып жатқанымен, басқа елдерде жұқтырғандар саны көбейіп жатыр.  Бұл орайда Оңтүстік Кореяда қауіпті індетті жұқтырғандар саны өсті.

Адамзат үшін қауіпті індет болып отырған короновирус  Қытайдан басқа тағы жеті елге тарап отыр.  Оңтүстік Корея індет жайлаған елдер ішінде екінші орында тұр. Бұдан соң  Италия, Жапония, Сингапур, Малайзия, Тайланд, Австралия елдерінде тіркеліп отыр. Қазақстан үшін бүгінгі күні бұл қолайсыз елдер болып табылады.

Бас санитар короновирус өршіп тұрған елдерге сапар шекпеген жөн деген кеңес айтады.

Айта кету, керек  қауіпті індет тарап жатқан елдердің ішінде Жапонияда бар. Ал өткен демалыс күндері бұл елден карантинге жабылған лайнердің ішінде болған төрт қазақстандық оралған болатын. Бас санитар олардың елордадан 7 шақырым жерде орналасқан бос ғимаратқа карантинге жатқызылғанын айтады. Санитарлық талап бойынша карантинде 14 күн жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.