Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ-2022

c 13:00, 06/06/2022 c 522

0:00 / 0:00

Елде саяси науқаннан соң қандай өзгеріс орын алады? деген басты сұраққа жауап іздеп көрдік. Бүкілхалықтың референдум өтіп жатқан күні саясаттанушылар да, билік өкілдері мен депутаттар да белсенді. Билік өкілдерінің, партиялардың қайсы қай участокке барып дауыс беретінін алында-ала бақылап отырған журналистер қауымының назарына іліккендері референдумнан үмітті. Тіпті, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің мәртебесіне қатысы нормаларды алып тастап жатқан Ата заңға дауыс берді. Бірақ Назарбаев «иә» деді ме, «жоқ» деді ме? Ол дауыс беру құпиялылығына байланысты беймәлім.

Билік өкілдерінің, партиялардың қайсы қай участокке барып дауыс беретінін бақылап, референдумға қатысты ой –пікірлерін білгенді жөн көрдік. Тіпті, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің мәртебесіне қатысы нормаларды алып тастап жатқан Ата заңға дауыс берді. Ол дауыс беретін сайлау учаскесі "Астана Опера" театрында орналасқан. Бұрынғыдай елбасының жанында топырлап жүретін отбасы мүшелерін де, нөкерлерін де көзіміз шалмады. Тек күзет қызметі жүрді. Өздеріңізге мәлім, Конституцияға енгізілетін өзгерістің бірі - Назарбаевтың статусы, өкілеттілігі мен басымдықтары алынып тасталады. Ол жай ғана экс-президент ретінде қалады. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл түзетуге «иә» деді ме, «жоқ» деді ме? Ол дауыс беру құпиялылығына байланысты беймәлім. Ал 27 жыл бұрын өткен референдумда дауыс берген студент Қарин мен қазіргі мемлекеттік хатшы Қарин өзгешелікті аңғарғандай. Ол дауыс беруге отбасымен келген екен.

Референдумды жарыса насихаттап келген депутаттарды да көзіміз шалды. Сенат төрағасы дауыс беру әділ өтетініне сенімді.

Айтпақшы Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев дауыс беруге сайланып келіпті. Қазақшасы шамалы саясаткер суфлерін сүйрете келген екен. Ең алдымен орыс тілінде сұхбат беріп, қазақшасын суфлердің көмегімен жүзеге асырды.

Ал «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев бұл референдумға үмітпей қарайтынын айтады. Өз ойын әзілмен жеткізді.

Бұл күні экс депутаттарды, бұрынғы билікке жақын жүрген ығай мен сығайларды да көзіміз шалды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, күндізгі сағат 16:00-дегі көрсеткіш бойынша Қазақстан халқының 60 пайыздан астамы дауыс берді. Осылайша комиссия референдумға қатысу көрсеткіші міндетті шегіне жетті деп сүйіншілеп отыр. Бұған дейін хабарланғандай, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге 11 миллионнан астам қазақстандық қатысуға құқылы деп хабарлағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.