Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИК жұмыстары ғаламтор арқылы жүргізілмек

c 18:03, 23/10/2017 c 898

0:00 / 0:00

Оралда электронды пәтер иелері қауымдастығын іске қосуға бағытталған дайындықтар жалғасуда. Бүгінде бұл жұмыстардың бірінші кезеңі жүзеге асып, оларды тіркеу басталып кетті.Қаладағы пәтер иелері қауымдастықтарының басшылары жаңа жүйені үйренуге күн сайын күш салуда. Арнайы мамандар пик жұмысы туралы ақпаратты қалай қай жерге салу керектігін сөз жүзіде ғана емес, іс жүзінде де көрсетуде. Әзірше тек тіркеу жұмыстары ғана, ал екінші кезеңде басшылардың белсенділігі тексеруден өтіп, содан соң бұл жұмыстардан бұқара халық та құлағдар етілмек. Қазір шаһарда 404 пик қызмет атқаруда, десе де тіркеуден олардың барлығы бірдей өтпейді екен. Себебі қауымдастықтардың кейбірінде компьютерлер де жоқ, ал жазбалар әлі күнге дейін бұрынғыдай журнал арқылы жүргізіледі. Ал кейбір басшылар электронды порталмен айналысуға қауқарларының жоқтығын айтады. Ал сайт іске қосылғаннан кейін, тұрғындар ай сайынғы төлеп отырған жарналарының қайда жұмсалып жатқандығын бақылай алмақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.