0:00 / 0:00
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған кең ауқымды әскери-патриоттық іс-шара өтті. Салтанатты шара «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім аумағында ұйымдастырылды. Оған Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов, Ұлттық ұлан ардагерлері, білім беру ұйымдарының оқушылары және әскери қызметшілер қатысты.










