Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пайдакүнем полицейлер

c 21:11, 23/08/2019 c 587

0:00 / 0:00

Елорадық полицейлер жерлеу ісімен айналысатындармен ауыз жаласқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі Анар Жарованың айтуынша, полицейлер қайтыс болған қазақстандықтардың мәліметін жерлеумен айналысатын компанияларға сатқан.Сөйтіп,  жерлеу ісімен айналысатын бизнеспен заңсыз байланыс орнатқан. Нұр-Сұлтан қаласының жемқорлыққа қарсы қызметінің тексеру жұмысының нәтиежсінде,  "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарындағы кезекші бөлімнің тоғыз полицейі жұмыстан шығарылды.

Жоқ жерде ақша табу үшін біреудің қайғысын  пайдасына асырған полицейлердің заңсыз әрекеті әшкерленді. Шыныменде соңғы кезде елордалықтардың арасында кісі қайтыс болған сәтте, полиция шақыртқан соң, бірден жерлеу ісімен айналысатын агенттік өкілдері телефонына хабарласып, өз қызметін ұсынып мазаны алып жатады деген қауесет тарағанды. Бүгінгі брифингте осы қауесеттің шындық екеніне көз жетті. Елордалық бірқатар полицей жерлеумен айналысатын агенттіктермен заңсыз байланыс орнатқан. Полицейлерден ақпарат алған соң, агенттік қызметкерлері қайтыс болғандадың туыстарына жарыса хабарласады.

Анар Жарова –ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі

-«Жерлеу ісімен айналыстандыра  жұрттың қайғысына қарамай, өздерінің қызметін ұсынған. Бірден бұл агенттіктер қайғыға душар болған отбасы туралы ақпаратты қайдан алды деген сауал туындайды. Мәлім болғандай, лордалық полицейлер азаматтардың кенеттен қайтыс болғаны туралы ресми ақпаратты жерлеу қызметтері агенттіктеріне сатып жіберген.Тоғыз тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылды. Полицейлердің дені полиция майоры лауазымында болған.Түсіндіру жұмысын дұрыс жүргізбеген басшылар тәртіптік жауапқа тартылды».

Пайдакүнем полицейлер кенеттен қайтыс болғандар туралы ресми деректерді 102 ақпараттар базасынан алып отырған. Анар Жарованың айтуынша,  мұндай келеңсіз  жағдай тек елордада  ғана емес, өзге өңірлерде де кездеседі. Жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлық бойынша  бүгініг күні 714 лауазымды тұлға жазаға тартылды. 274 басшы қызметінен кетті. Алайда, жемқорлық бойынша, жазаға тартылған кейбір тұлғалардың көпке ұзамай, мемлекеттік органдардың жайлы жеріне қайта жайғасып жатқанын аңғарамыз деп отыр, Сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүрген агенттік  өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.