Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өзендер тазартылуда

c 17:36, 16/07/2019 c 871

0:00 / 0:00

Биыл облыс аумағындағы өзен-көлдерде су тапшылығы байқалуда дейді сала мамандары. Тіпті кей тоғандардағы судың деңгейі 50 пайызға дейін төмендеп кеткен. Тіршілік нәрінің тапшылығы әсіресе жемісін жерден терген шарауларға өз әсерін тигізуде. Осы орайда «Қаз­су­шар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны БҚО филиалы бұл мәселені баламалы нұс­қа­лар мен жолдар арқылы ше­шу жолдары қарастыруда. Қазіргі күнде Жайық өзенінің Круглоозерное ауылы тұсындағы таяздап қалған сағалары арнайы техниканың көмегімен тазартылуда. Жайық өзенінен келетін су 47 шақырымдық арна арқылы Орал-Көшім сумен жабдықтау жүйесіне құюға тиіс. Алайда, өзен суының биылғы аздығынан бұл жүйеге келетін судың ағымы секундына 30-дан 5 текше метрге дейін төмендепті. Сол себепті суды сілтіден, құмнан және батпақтан тазарту үшін көп функционалды құрылғы қолданылуда. «Ватермастер» деп аталатын техника өзендегі антропогендік фактордың әсерінен болған барлық зиянды заттарды сүзіп алып тастауға негізделген. Сондай-ақ, өзен арналары осыдан 30-40 жыл бұрын су түбіне шөккен көпірлердің қалдықтарынан тазартылуда. Қазіргі уақытта Шаған өзенінде осы бағыттағы тазарту жұмыстары жүргізілуде.Орал-Көшім жүйесі арқылы 3 миллион гектар жайылым сумен қамтамасыз етілуге тиіс. бірақ, су мөлшерінің межеден төмен болуы оған қолбайлау болып тұр. Тұрғындар Жайық өзеніндегі тіршілік нәрінің осыншама қат болуы осыдан 50 жыл бұрын орын алғандығын айтады. Ал, алдағы бір ай көлемінде атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ұзындығы шамамен 7 шақырым өзен сағасы тазартылмақ. Қазір бұл жұмыстар «Қаз­су­шардың» облыстық филиалының өз қаражаты есебінен жүргізілуде. Өңір халқы үшін маңызды шараға табиғат қорғаушылар да өз көмектерін беруде. Басталған жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырлатын болады дейді сала мамандары. Ал атқарылған шараның нәтижесінде Жайықтан ағып шығатын судың көлемі 4-тен 14-15 текше метрге дейін жеткізу көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.