Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДРОППЕРЛЕР ЖЕЛІСІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

c 09:24, 16/10 c 1

Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казинолардың ақша айналымын қамтамасыз еткен екі қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу дерегінше, күдіктілер Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен SIM-карталарды пайдаланған. Түркістан облысы мен Алматыда Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олардан банк шоттарын басқаруға арналған 20 телефон тәркіленді. Күдіктілер пайдаланған 89 банк картасы арқылы 500 млн теңге көлемінде операция жасалған. Жамбыл облысында да Тараз бен Алматыда өзге адамдардың шоттары арқылы ақша аударымдарын жүргізген тағы бір топтың жолы кесілді. Оның құрамына Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары, соның ішінде кәмелетке толмағандар тартылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.