Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН МЕШІТ АШЫЛДЫ

c 10:16, 15/08/2022 c 1201

0:00 / 0:00

Ел астанасында Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды. Айтулы мешіттің ашылуына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мешіт елорданың сол жағалауында орналасқан. 10 гектар жерді алып жатыр. Жалпы алаңы – 68 062 шаршы метрді құрайды. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр. Мешіт ғимарат бір мезетте 35 мың адамды қабылдай алады. Мешіттің ашық алаңы 235 мың адамды қамтиды, яғни бір мезетте осынша адамның сапта тұрып намаз оқуға мүміндігі бар.

Елордада Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ мешіт ашылды. Республикалық Бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына еніп отыр. Айта кету керек айтулы мешіттің алғашқы кірпіші қаланған кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі қатысқан болатын. Енді бүгінгі ашылуына да өз келді. Назарбаевпен бірге ол билікте отырғанда қасында болған, көбісі зейнткерлікке шығып кеткен экс-әкімдерді көзіміз шалды. Қазіргі биліктен вице-премеьер Ералы Тоғжанов пен қала әкімі Алтай Көлгінов барды. Мешіт елорданың сол жағалауында орналасқан. 10 гектар жерді алып жатыр. Жалпы алаңы – 68 062 шаршы метрді құрайды. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр. Мешіт ғимараты 35 мың адамды қабылдай алады. Ерлерге арналған орында 30 мың адам; әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады. Мешіттің ашық алаңы 235 мың адамды қамтиды, яғни бір мезетте осынша адамның сапта тұрып намаз оқуға мүміндігі бар.

Ал мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы бар, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, жаназа рәсімін жасау орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан екен. Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер де бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.