Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда құрылыс жұмысы тоқтап қалған нысандардың тағдыры шешілуде

c 18:38, 30/03/2018 c 871

Орал қаласында "сақалды құрылыс" мәселесі бақылауға алынды. Бұл жөнінде шаһар басшысы Мұрат Мұқаев атап өтті. Құрылыс жұмысы ұзаққа созылған нысандардың бірі-ІІД маңында орналасқан. Біраз жылдан бері ғимарат жартылай салынып, қаңырап бос тұр. Тағы бір нысан қала әкімдігі мен Островский атындағы орыс драма театры жанында тұр. Аталмыш ғимараттардың тағдыры сот шешімінен соң белгілі болғалы отыр.

-"Әкімдік маңындағы ғимараттың 2 қожайыны болған. Оның бірі-бірнеше жыл бұрын өкінішке орай қайтыс болды. Енді сот шешімін күтіп отырмыз. Ал ІІД маңындағы ғимарат банкте кепілдікте тұр. Бірнеше иесі бар, күрделі жағдай қалыптасып отыр. Нысандардың жағдайы ерекше бақылауға алынады",-дейді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.