Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда Құрманғазы мен Динаның ескерткіші жаңа орынға көшірілді

c 16:52, 17/08/2018 c 2429

0:00 / 0:00

Орал қаласында Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың ескерткіштері М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғимараты алдына көшірілді. Достық даңғылы бойындағы аталмыш нысанда бұрын Миша Гавриловтың ескерткіші орналасқан болатын. Зиялы қауым өкілдері мен жастар қауымы күй жампоздары, тарихи тұлғалардың мүсінінің білім ордасы маңына жайғасуын құп көрді. Салмағы 6 тонна болатын мүсінді көшіруге коммуналдық кәсіпорын техникасы мен қызметкерлері жұмылдырылды.

Ескерткішті көшіру мәселесі-облыстық комиссия отырысында мақұлданған. Осыған дейін күй атасы Құрманғазы мен оның шәкірті Динаның ескерткіші Атриум сауда орны маңында ашылған тынымбаққа орнатылған еді. Ал аймақтағы маңдай алды білім ордасының алдына тарихи тұлға мүсінінін көшіру мәселесі осыған дейін бірнеше мәрте көтерілді. Мүсіннің салмағы 6 тонна, ұзындығы 3,5 метр болады. Көшіру, орнату жұмысына "Жайық жарығы" ЖШС-нің күші тартылды. Ескерткіштің құрылысына бюджеттен 60 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Авторы-танымал қазақстандық сәулетші Мұрат Мансұров. Жаңа орын-ұлы күйші мен оның шәкіртінің мүсіндері үшін лайықты, көрнекті орын саналады. Инспекция мамандары жастар санасына еліміздің мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін тарихи құндылықтарды насихаттауда қоғамдық орындардың келбеті маңызды рөл атқарады деп санайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.