Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда алаяқтық азаймай тұр

c 17:56, 03/02/2021 c 329

0:00 / 0:00

Алаяқтық фактілері азаймай тұр... Мәселен, 2020 жылы Орал қаласында 976 алаяқтық дерегі тіркелген. Оның 482-сі интернет арқылы жасалатын қылмыстар қатарын толықтырды. Әлі күнге сол қылмыстардың 76 пайызы ашылмаған. Сала мамандары: "Ғаламтор арқылы адамдарды сан соқтырып кететін қылмыскерлерді құрықтау үшін көп уақыт қажет",- дейді. Біреудің маңдай термен тапқан ақшасын телефон арқылы оңай ұрлай салатындардың асығы алшысынан тұрып тұр.

Тәртіп сақшылары ғаламтор арқылы адамдарды алдап-арбап қаражатын жымқыратын арамдар өзге қалада, тіпті өзге елде отырып-ақ, азаматтардың сеніміне кіріп, өтірік жанашыр бола қалады. Алаяқпен 30-40 секунд сөйлескен жандар санаулы минуттың ішінде бар-жиған тергенінен айырылады.

"Әдетте интернет арқылы алаяқтыққа баратын адам өзін телефонмен сөйлескен кезде өте байсалды әрі сенімді ұстайды",- дейді психолог маман. Ол үнемі сөзін қысқа қайырып, нақты жасалуы тиіс тапсырманы айтып отырады. Және мен тек сіздің игіліңіз үшін қызмет жасаймын дегеннен таймайды. Психолог мамандар әккі алаяққа кішкентай баладан бастап, еңкейген кәріге дейін алданып қалатынын айтады.

Полиция қызметкерлері алаяқтарға алданып қалмас үшін қауіпсіздік қағидасын ұстануға шақырады. Ең бірінші кезекте төлқұжат пен банк шоттарын ешкімге айтпай, әлеуметтік желілер арқылы да таратпау керек. Екіншіден таур үшін алдын ала төлем жасамау керек. Күмән келтіретін ұсыныстардан бас тартқан жөн.

Сурет https://admmegion.ru/news/352914/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.