0:00 / 0:00
Оралда күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты. Тәулігіне 2000-ға жуық жолаушы қатынайтын бекеттің ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.










