Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының Деркөл кентінде бірнеше көп қабатты үй тұрғындары сусыз отыр

c 18:00, 27/06/2018 c 719

0:00 / 0:00

Жағдай екінші жыл қайталануда. Судың тоқтап қалуы ПДП-2 тұрғындарына бау-бақшаларын суаруға рұқсат берген соң басталыпты. Әзірге бұл мәселе шешімін табар емес.

Су мәселесі өткен жылдан бері шешімін таппай келеді. Сондықтан тұрғындардың құзырлы органдарға өкпесі қара қазандай. Трудовая көшесінің бойындағы 4,6,8 ші үйлердің иелері коммуналдық мекеме жағдайды өзгертеміз деген берген уәдесінде тұрмады деп налиды.

Судың сыздықтап барып, тоқтап қалуы жазғы уақытта орын алады екен. Мұны тұрғындар саяжай маусымының басталуымен байланыстырады. Бағбандарға бау-бақшаны суаруға ауыз суды пайдалануға рұқсат берілуі-үйлердің сусыз қалуының басты себебі болуы мүмкін дейді.

"Батыс су арнасы" ЖШС өкілдері кентке келіп, тұрғындардың жағдайынан хабардар екендерін мәлімдеді. Айтуларынша, маусымдық қиындық жазғы уақытта суды пайдалану мөлшерінің артуына байланысты көрінеді. Сол себепті су сорғы станцияға қосымша қозғалтқыш орнату жұмысы қолға алынатын болды.

Енді коммуаналдық мекеменің берген уәдесі жерде қалмай, ыстық күнде бір тамшы суға зар болған тұрғындардың мәселесі жақын аралықта шешімін табады деп сенеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.