Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында көп қабатты үй тұрғындары тарақандардан зардап шегіп отыр

c 18:19, 09/07/2018 c 838

0:00 / 0:00

Себебі 2-ші қабаттағы пәтерлердің бірі -жәндіктердің ордасына айналған. Көршілерімен араласпай, есігін тарс жауып отыратын жас азаматаша өз үйін қоқыс аймағына айналдырған және пәтеріне ешкімді кіргізбейтін көрінеді.

Бұл Жәңгір хан 55 мекен-жайындағы тарақандардан зардап шегіп отырған тұрғын үй. Күн жылынғалы тұрғындар көрші үйден тарап, пәтерлерінің қабырғаларында жорғалаған жәндіктерден үрейленіп болған. Ал тарақанды улап, көзін құрту мүмкін емес. Себебі бунақ денелілердің ошағы болып табылатын пәтерге ешкім кіре алмайды. Пәтер иелері кооперативі де, тіпті учаскелік полициясының да көмегіне жүгініп көрген. Бірақ еш көмек болмапты. Өйткені томаға тұйық үй иесі пәтеріне жан баласын жуытпай отырған көрінеді.

Тұрғындар дизенфекция қызметін шақырған. Одан еш нәтиже болмаған соң әкімдік пен прокуратураға да шағымданыпты. Пәтер иелері кооперативі шарасыздық танытып отыр. Бөгде біреудің пәтерінің есігін бұзу кіруге құқымыз жоқ дейді. Өз пәтерін тарақандардың ордасына айналдырып, көршілерін мезі қылған азаматшаға биліктен бір шара қолдануды сұраған тұрғындар тарақандардың түрлі жұқпалы ауруларды таратуынан үрейленеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.