Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НЫҒМАТУЛИНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ҚОЗҒАЛДЫ МА?

c 18:57, 11/08/2022 c 1424

0:00 / 0:00

Қарағандылық кәсіпкерлердің арасындағы 10 жылға созылған теке-тіреске әлі нүкте қойылмады. Мәселе ағымдағы жылдың шілде айының соңында ақталып шыққан кәсіпкер Қуат Сұлтанбековке қатысты болып отыр. Еске сала кетейік Сұлтанбеков 2012 жылы атыс қаруын заңсыз сатып алды, сақтады, тасымалдады деген айыппен үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда ол түрмеге қамалып, шешім шыққан соң, басқа да қылмыстық істері қарастырылып, нәтижесінде бірнеше үкімнен кейін бас бостандығынан айыру мерзімі 3,5 жылдан 21 жылға дейін өсті. Алайда араға он жыл салып Жоғарғы сот 2012 жылдан бері жазасын өтеп жатқан балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековке қатысты істі тоқтатты. Сұлтабенковтің қорғаушыларының айтуынша, бұл оған жабылған жала мен қастандық. Сұлтанбековті заңсыз түрмеге қаматқан экс-депутат, бизнесмен Ерлан Нығматулин екенін айтады олар. Бүгін елордада қарағандылық кәсіпкерлер мен Қуат Сұлтанбековтің қорғаушысы баспасөз маслихатын өткізген болатын.

90 жылдардың басында қылмыс әлемінде «Балхашский Кот» деген лақап атпен танымал болған Қуат Сұлтанбеков кейін өз қаласында бизнеспен айналыса бастайды. Тіпті ол Балқаш кәсіпкерлер қауымдастығын басқарып, жергілікті бизнесмендердің мүддесін қорғады дейді жақтастары. Алайда, 2011 жылы Қута Сұлтанбеков кезінде өзі бірге кәсіп бастаған Ерлан Нығматулиннің көңілінен шықпай қалды. Себебі, Сұлтанбеков тендер өткізу барысындағы бұзушылықтарды жариялай бастаған дейді қарағандылық кәсіпкерлер. Теке-тірестің бәрі Сұлтанбеков Балқашта демалыс аймағын қайта құрған сәттен басталған.

2012 жылы Сұлтанбеков атыс қаруын заңсыз сатып алды, сақтады, тасымалдады деген айыппен үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылады. Түрмеде отырған кезінде оған қатысты басқа да қылмыстық істер қарастырылып, бірнеше үкімнен кейін бас бостандығынан айыру мерзімі 21 жылға дейін созылды. Алайда араға он жыл салып Жоғарғы сот ағымдағы жылдың шілде айының соңында жазасын өтеп жатқан балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтің ісін тоқтатты. Ақталып шыққан Сұлтанбековке қатысты заңсыз әрекет Нығматулиннің бұйрығымен жасалды- дейді қорғаушысы.

ЮЛИЯ ДЖАФАРОВА – АДВОКАТ «Ерлан Нығматулин қолында бар билікті пайдаланып құзырлы органдарға бұйрық беріп отырған. Оның бұйрығы он жыл бойы заңды бұза отыра орындалып келген».

Сұлтанбеков пен ағайынды Нығматулиндер бір-бірімен таныс, тіпті бірлескен бизнес жүргізген көрінеді. Алайда журналистер алдына Қуат Сұлтанбековтің өзі келмеді.

Қазір Сұлтанбековтің шағымы бойынша Ерлан Нығматулинге қатысты қылмыстық іс қозғалған дейді оның жақтастары.

Баспасөз маслихатынан соң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігіне хабарласып, Нығматулинге қатысты іс қозғалғанын растауын сұрағанымызда, баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айта кету керек, жоғары аталған қарағандылық кәсіпкер Ерлан Нығматулиннің сыңары Нұрлан Нығматулин қаңтар трагедиясынан соң Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметінен кетіп, биліктен ығыстырылған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.