Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мерейтой қарсаңында кейіпкерлермен жүздесу

c 18:15, 20/07/2018 c 687

0:00 / 0:00

Биыл "ТДК-42" телеарнасы өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтой қарсаңында арнамызда көрсетілген материалдарға арқау болған кейіпкерлерімізбен кездесуді жөн санадық. 2017-жылы ақпан айында 84 жасар Валентина Дубовская жөнінде сюжет дайындалған болатын. Қыстың суығында кейуана аяғын үсітіп алып, қиын жағдайға душар болды? Бүгінде кейіпкеріміздің жағдайы қалай?

Жалғызбасты әжейдің қиын жағдайда, қыстың қақаған суығында қараусыз қалуынан аяғы үсіп кеткен болатын. Мына ұзақ уақыт шығарыомай, үйілген күл-қоқыс арасында пәтерінде төсекке таңылған кейуананың іздеушісі жоқ. Валентина Дубовскаяның жағдайы жөнінде үйінен кіріп-шыққанын көрмей алаңдаған көршілер хабар берген болатын. Зейнеткер пәтерде ит-мысықтармен бірге тұрған. Қасындағы жалғыз алданыштары әлі де солар ғана. Арнамызда көрсетілген бейне материалдан соң кейуанаға еріктілер көмектесе бастады. Олар пәтерден бірнеше көлікке жүк болатын күл-қоқыс шығарған. Үйін жөндеп, жаңа терезе орнатқан. Қыста қарын аршып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы көмекші қызметкер тағайындады.

-"Маған Гуля деген әйел келіп көмектесіп тұрады. Жаңа сендер келгенде сол екен деп ойлап едім. Денсаулығым шыдауға боларлықтай. Сендерге тілерім үнемі мұқтаж жандарға көметесе беріңдер. Мені іздеп келіп, қал-жағдайымды білгендерің үшін алғыс айтамын",- дейді Валентина Дубовская.

"ТДК-42 "телеарнасында көрсетілген бейне сюжеттер арқылы қайырымды азаматтар көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, қоғамды бей-жәй қалдырмайтын мәселелер көтерілді. Кейіпкерлердің тағдыры әрдайым арнамыздың бақылауында. 20 жылдық мерейтой қарсаңында өз кейіпкерлерімізбен қайта жүздесудің сәті түсіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.