0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында күзгі жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар жаз бойы күткен еңбектің нәтижесін жинап, өнімді қоймаларға жөнелтуге кірісті. Биыл шаруалар картоп, сәбіз, пияз, қызылша секілді көкөністерден мол өнім алуды көздеп отыр. Тілшіміз Мерген Рахметолла аудан алқаптарындағы жұмыстармен танысып қайтты.










