Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КИІКТЕРДІ АТУ КҮЗДЕ БАСТАЛАДЫ

c 09:40, 08/07/2022 c 1844

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында 80 мың бас киікті атуға рұқсат берілгені мәлім. Өткен аптада Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ғалымдардың киік санын реттеуге қатысты биологиялық негіздемесі аяқталды. Соның нәтижесінде Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданды деген еді. Алайда, бүгін елордада киік тақырыбына қатысты жиында алдағы қыркүйек айындак ақбөкендерді ату басталатын мәлім болды.

Экология министрлігі киелі киіктерді атуға рұқсат беріп отыр. Дала еркесі – киіктің саны тым көбейіп кеткен, сондықтан ресми билік олардың санын атып реттеуге кірісетін болды. Жайық популяциясына жататын киіктердің көзін жоймақ. Ғалымдар жүргізген биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киік санын реттеудің қажеттілігі бар деп шешті. Жайық популяциясына қатысты қабылданған шешім бойынша, өңірдегі 800 мың бастан асатын киіктің 10 пайызын, яғни 80 мыңын реттейтін болды. Себебі, шаруалар киіктер егіс алқабын, жайлым жерлерді таптап кетіп жатыр деп шағымдануда. Батыс Қазақстандың фермерлер соңғы алты жыл бойы осының зардабын шешіп келеміз дейді.

Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің санын реттеу дегеніміз, тым көбейіп кеткендіктен оларды атуға рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ, Б киік санын реттеу шаралары популяциялардың санын шектеп ұстау дегенді білдірмейді. Оның ішінде кейбір популяциялардың санын көбейту де көзделген. Ал атылған киіктердің еті мен мүйізін қайда жібереді

Алайда, тәуелсіз экологтар бұл шешімге қарсы. Себебі, киікті атуға рұқсат берілсе броконерлер күшейіп, жоспарлағаннан көп киік жойылып кетуі мүмкін дейді олар.

Бүгінгі таңда елімізде киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен. Яғни әлемдегі киіктің 95%-і Қазақстанда болса, оның 65%-і Батыс Қазақстан өңірін мекендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.