Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпсіздік қамтылмаған

c 18:46, 11/12/2019 c 741

0:00 / 0:00

Антитеррористік орталықтың мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 3,5 мың білім және мәдениет нысаны террористік қауіпке жауап бере алмай отыр.Бұл мәселе бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқыланып, депутаттар тарапынан сыналды. Нысандарды қажетті қауіпсіздікті сақтау жүйесімен қамту үшін қыруар қаржы қажет. Алайда, қазір қауіпсіздік мәселесі ақша болса қамтылады, болмаса қажеті жоқ деген көзқараспен кенже қалуда. Мысалы, мектептерді бейнебақылаумен, дабыл жүйесімен және турникетпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен әкімдіктер қаржы бөлуі тиіс. Мәжілісмендер, қауіпсіздік мәселесін қамтуды талап ету керек деп даурықты.

Мәселе мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне келгенде, мәжілісмендер жақында Тараза қаласының мектеп оқушысын зорлау фактісін еске алды. Өздеріңізге мәлім, сабақ жүріп жатқан кезде, қызбаланы сырттағы дәретханада зорлап кеткен болатын. Күдікті 38 жастағы ер азамат ұсталғанды. Осы оқиғадан соң еліміздегі 2500 мектептің дәретханасы далада орналасқаны мәлім болды. Ал антитеррористік орталықтың мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 3,5 мың білім және мәдениет нысаны террористік қауіпке жауап бере алмай отыр.

Гүлжан Қарағұсова - ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Мектептерде қауіпсіздік шарасы қамтылмаған, ауруханаларда өткізу режимі жоқ. Өйткені бізде қауіпсіздік мәселесін ақша болса қамтимыз, жоқ болса қажет емес.Біз сіздерден қатаң талап қоюды сұарймыз. Ақша ең алдымен қауіпсіздікке бөлінуі керек. Талап жоқ. Тараздағыдай опық жеп қалғанша қозғалмайсыздар»

Өз кезегінде министр Смайылов мектептерде ең бастысы бейнекамера орнату қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, тиісті офицер отыруы керек. Бас қаржыгер нысандардың қауіпісіздік шараларына жұмсалған қаражатын тексереміз деуден басқа, жауап айта алмады.

Сонымен мектептерде бала қауіпсіздігіне кім жауап береді? Кіре берісте отыратын күзет -зейнеткерлік жастағы апай. Егде жастағы әйел мектепке қауіп төнген сәтте балаларды қорғай алмайтыны сөзсіз. Арнайы күзет жоқ. Мектептің бәрін бірдей бейнебақылау орнатылмаған. Турникеттердің өзіне бүкіл мектеп қол жеткізе қойған жоқ. Мұның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Жергілікті бюджетте ақша жоқ. Бұл тегін орта білім беретін мектептердегі жағдай. Ал Назарбаев зияткерлік мектебі сияқты ақылы мектептерде қауіпсіздік шарасы толық қамтылған.Себебі,  ол нысандардың қаржысы бар.  Террорға қарсы орталық болса, қауіпсіздікті қамтуды талап етеді.

Герман Диденко - ҚР ҰҚК антитеррористік орталығының штаб басшысы; «Бұл көп ақша емес. Орташа алғанда алғашқы сома 1,5-2 млннан 11 млн теңгег жетіп жығылады. Қаржылық ауыртпашылықты төмендету үшін, егер мектеп қалада орналасқан болса, маңайныда жол бойында көшені бақылайтын бейнебақылау болса, ол мектепке орналасырудың қажеті жоқ».

Дегенмен, шенеуніктердің бұл уәждері депутаттарды қанағаттандырмады. Олар мектептерді қауіпсіздік шарасын күшейтуді, ол үшін талапты қатаңдатуды ұсынды. Ал құзырлы органдарды бір сілкіп алуға кеңес берді.

Нұрлан Нығматулин - ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; «Ертең ол  опырылып құлағанда, бізге оның кімнің меншігінде болғаны бәрібір болады. Ақша бар. Егер де жергілікті немесе орталық мемлекеттік органның қандай да бір басшысы жауапкершілікті сезінбесе, онда үкімет оны шақырып, бір "сілкілеп" алсын. Мектептегі балалардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Билік дегеніміз сіз бен біз. Бұл не деген бейқамдық?"

Қаржы министрлігінің мәліметінше, үкімет терроризмге және діни экстремизмге қарсы күресу үшін бес жылға арналған тиісті бағдарлама қабылдады. Биыл сол бағдарламаны жүзеге асыру үшін 58 миллиард теңге бөлген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.