Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпсіз жағажай

c 17:44, 17/05/2019 c 860

0:00 / 0:00

Орал қаласында суға түсуге арналған 15 орын бар. Аталмыш жағажайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгін төтеншеліктердің арнайы тобы су астындағы түрлі қалдықтарды жағаға шығарды. Сала мамандарының айтуынша су астында негізінен құрылыс материалдарының қалдықтары мен тұрмыстық күл қоқыстар жиі ұшырасады екен. Әсіресе, құрылыстан қалған қалдықтар мен металл қалбырлар адам өміріне қауіпті болып табылады. Сол себепті суға түсу маусымының алдында қаладағы жағажайлар бақылауға алынған. Күні бүгін 5 өзен маңы қауіпсіздендірілді. Ал ертең тағы 2 жағажайда жұмыстар жүргізілмек. Сонымен қатар өзен жағасын бойлай орын теуіп нәпақасын тауып отырған кәсіпкерлер арнайы өтініш жазып аталған қызметке тегін қол жеткізе алады. Орал қаласында биыл мектеп оқушыларының жазғы демалыс маусымына орай бірнеше шомылу орындары дайындалыпты. Бұл жұмыстар білім бөлімінің өтініші негізінде жүзеге асқан. Негізінен ең қауіпті су қоймаларына мыналар жатады. Естеріңізге сала кетеміз суға түсу маусымы басталмай-ақ, үш адам жауапсыздықтың салдарынан өмірімен қош айтысты. Оның екеуі Ақжайық біреуі Бәйтерек ауданының тұрғындары. Сол себепті суға түсуге болмайтын белгі орнатылған жерлерде шомылғандар заң аясында жазаланатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.