4-қазанда Қазақстанда кәсіподақтар күні тойланады. Қазіргі таңда еліміздің 2 млн тұрғыны осы кәсіподақтың мүшесі. Облысымызда 73 мың адам осы қозғалыстың белді мүшесі атанған. Кәсіподақ қызметкерлері түрлі еңбек дауларын шешуге атсалысып, жұмысшылардың құқығын қорғауы шарт. Кәсіби мерекеде көпке үлгі болған жандар марапатталды.