Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала әкімі олимпиада жүлдегерлерімен кездесті

c 17:53, 23/05/2022 c 419

0:00 / 0:00

Қала әкімі Миржан Сатқанов республикалық олимпиада жүлдегерлерімен кездесті. Оралдық оқушылар республикалық оқу додасында бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды. Оқуда озат оқушылармен жүздеске шаһар басшысы олардың еңбегін атап өтіп, озаттарды дайындаған педагогтер қауымына алғысын білдірді.

Республикалық жарыста топ жарып, білімі мен білігі бойынша оқ бойы оза шапқан оқушылармен қала әкімі Миржан Сатқанов кездесті.  Биыл республикалық білім додасына  қала мектептерінен 27 оқушы қатысты. Олардың 12-сі үздік нәтиже көрсетті. Республикалық жарыстан оралдық оқушылар 1 алтын, 4 күміс алса, қалғаны қола медальдің иегері атанды.

Оқушылар олимпиадаға қалай дайындалғандарын, "Бір оқушы, бір компьютер, бір камера" қағидаты бойынша тапсырған тапсырмалары туралы әңгімелеп берді.

Жиын соңында үздіктер қатарынан табылған оқушылар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал дарынды оқушыларды даярлаған педагогтер қауымына 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілмек. Естеріңізге сала кетейік, биыл пәндік олимпиадаға қала мектептерінің барлық оқушылары қатысты. Алғашында балалар мектепте білімдерін сынаса, облыстық кезеңге 77 оқушы жолдама алып, 53-і жүлдегер атанды. Облыстық кезеңде жеңіске жеткен жас өрендер республикалық деңгейдегі сынға қатысып, білім додасында шашасына шаң жұқтырмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.