Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елбасына ескерткіш қойылды

c 01:09, 04/07/2020 c 707

0:00 / 0:00

Елордада елбасына ескерткіш қойылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы  Ұлттық қорғаныс университетінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесінен  монумент ашылды.   Ашылу салтанатын Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадан онлайн режимде  бақылады. Ұлттық қорғаныс университетіндегі Елбасыға арналған монументтің ашылу рәсімі салатанатты түрде өтті.

Шілденің алтысы күні қала күнімен қатар келетін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Биыл тұңғыш Президент мерейлі жасқа толады. Елорда қала күнін онлайн режимде атап өтуді жоспарлауда. Карантинге қатысты бұл айтулы күнді халық болып көшеде той -тойлап қарсы алу мүмкін болмайды. Бүгін шаһардағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдына  Елбасы Назарбаевтың бейнесінен құйылған мүсін қойылды. Нұрсұлтан Назарбаевқа  арналған монументтің ашылу рәсімі салатанатты түрде өтті. Айтулы шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадан онлайн режимде қатысты.

Ал Қазақстанның Қарулы күштері Назарбаевтың  жарлығымен құрылғандықтан, елбасының ескерткішін  Ұлттық қорғаныс университетінде орнату туралы шешім шығарылған. Мемлекет басшысы Тоқаев  елбасының қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елін 30 жыл басқарып келді. Өткен жылы биліктен кететін жариялады. Өз орнына қалдырған Қасым-Жомарт Тоқаев перзиденттік  сайлауда көп дауыс жинап, ел басқаруды қолына алды. Ал Назарбаев бүгінде еліміздің қауіпсіздік кеңесін тізгіндеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.