Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Демалыстағы трагедия

c 13:51, 23/06/2020 c 759

0:00 / 0:00

Демалыстағы екі күнде облыс аумағында түрлі оқиғалар орын алып төтеншеліктерді әбігерге салды. Шұғыл ақпаратқа сүйенсек, облыс аумағында демалыс күндері 7 өрт оқиғасы тіркелген. Ақжайық, Теректі, Бәйтерек, Бөкейорда, Шыңғырлау аудандарында және облыс орталығында өрт болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің пайда болуына қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болды,- дейді төтеншеліктер.
Сонымен қатар, 19 маусым сағат 09.45-те Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылы, Деркөл өзенінен жедел жасақтың күшімен 1956 жылы туған А. есімді азаматтың мәйіті табылды. Деректер бойынша ол 18 маусым күні сағат 18.30-де белгісіз жағдайда Шаған өзеніне батып кеткен екен. Ұлы әкесінің суға шомылып келемін деп үйден шығып кеткенін айтады.
Осыған ұқсас жағдай Орал қаласында Деркөл кентінде де орын алды. Судан 2007 жылғы баланың мәйіті шығарылған. Жасөспірімнің шомылуға болмайтын жерге қалай келгені анықталуда.
20 маусым кешкі сағат 8 -дер шамасында Молдағұлова көшесі 16/1 мекенжайындағы 5 қабатты үйдің 3 қабатынан 2018 жылы туған Д. есімді бүлдіршін құлап кеткен. Көрер жарығы бар екен. Дәрігерлер тексергеннен кейін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Абай полиция басқармасымен тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.