Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дала дәні

c 21:02, 23/08/2019 c 1265

0:00 / 0:00

Қазақстандық диқандар «Дала дәні» халықаралық дала күні мерекесін атап өтуде. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласынан 70 шақырым жердегі егін алқабында  астық саласында кәсібін айналдырып жүрген шаруалар, осы саланы зерттеуші ғалымдар, ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері, шетелдік аммандар бас қосты. Ақмола облысына қарасты Шортанды ауылы маңындағы егіс алқабында алыстан көзге түсетін Үкінің мүсіні осы мерекенің символы ретінде жасалған. Біздің тілшілер диқандардың бас қосуына барып қайтқан еді.

Сарыарқаның төсіндегі сары далада  өсіп, пісіп тұрған астық алдағы күздің  сыйы. Көктем мен жаздың бейнетін күзде зейнет ететін диқандар үшін бұл басты мереке. Дала дәні мерекесіне үлкен мән берілгенін байқадық. Егіс алқабында ең алдымен биікті 6 метрді, ені 3,5 метрді құрайтын Үкі көзіңізге түседі. Астық саласының мамандары үкіні білім мен ғылымның, молшылықтың символы ретінде таңдап, тапсырыс берген екен. Үкінің қаңқасы темірден жасалып, бидай сабағымен көмкерілген. Осы символды жасап шыққан суретші оның құнын айтудан бас тартты. Бидайдан жасалған үкі бір жылға дейін тұрады дейді ол.

Астық саласының мамандары бұл жерге тек осы күнді мерекелеу үшін ғана емес, шешілмей жатқан мәселелерді талқылауға жиналған.Бұл алқапта астық шаруашылығы ғылыми-өндірісі орталығының ғалымдары бидайдың таңдаулы сортын жасап шығарады. Жалпы астық Қазақстанның басты байлығы. Көптеген елге бидай экспорттайды. Ішкі нарық та толық қамтылған. Сапалы қазақ астығына Орталық Азияның бірқатар елдері құмар. Бүгінде диқандар еккен егінін табиғат анаға сеніп тапсырады. Дер уақытында күн ысып, жаңбыр жауып тұрса, күзде жинайтын астық та артады. Алайда, биыл қуаңшылық болды дейді диқандар.

Ауыл шаурашылық министрлігі суы жоқ, құрғақ жерлерден астық алу үшін суармалы егіншілікті ұсынып отыр. Осындай 3,5 млн гектар жерді суармалы егіншілікке айналдыру жоспары бар.  Ол үшін шетелден суаратын арнайы  жабдық сатып алу керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.