Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цой вакцина салдыруға  асықпайды

c 10:04, 05/01/2021 c 809

0:00 / 0:00

Қазақстанда 10 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл жайында  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Сондай-ақ, еліімздің бас дәрігері  ресейлік "Спутник V" вакцинасының екі миллион дозасын жеткізуге қатысты келісім бар екенін атап өтті. Әзірге Цой ерікті ретінде вакцина салуға асығып отырған жоқ.

Денсаулық сақату минситрлігі 10 миллион адамға ковидке қарсы екпе салу жоспары барын хабарлап отыр. Өткен жылдың аяғында 3 мың қазақстандық ерікті түрде қазақстандық вакцинаның салдырды. Олардың арасында Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин, білім министрі Асхат Аймағамбетов және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бар. Алайда, еліміздің бас дәрігері Алексей Цой ерікті түрде вакцина салдыруға асықпайды. Министр екпе толық тіркеуден өтпек салдырамймын деп отыр.

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министрі «Иә, әрине әріпстерімнің ерікті түрде екпе салдырып жатқаны жақсы. Бірақ бір нәрсені түсу керек. Денсаулық сақтау министрі вакцина салдырса, бұл бүкіл елге екпе салдырңыздар деген үндеу болып табылады. Яғни вакцина 100 пайыз қауіпсіз дегенді білдіреді. Сондықтан біз медицина қызметкерлері екпенің  кепілдіндірілген, нақты нәтижесі күтіп отырмыз.Сонда ғана екпе салдырып, халықты толық сенідре аламыз. Ал бұл екпенің  қазір 1-2 фаза бойынша қортындысы ғана шықты».

Осылайша, отандық екпенің қауіпсіз екеніне 100 пайыз көзін жеткізбей, министр Цой екпе салдырмайды. Сондай-ақ, министр ресейлік "Спутник V" вакцинасының екі миллион дозасын Қазақстанға жеткізуге қатысты келісім бар екенін атап өтті.

Ресейлік вакцина шамамен ақпан айында тіркелуі керек. Алдағы уақытта ол Қазақстанның аймақтарына жеткізіледі, содан кейін екпе жасауды бастай аламыз", - деп отыр  Цой. Ал  қазақстандық QazCovid-in вакцинасы наурызда жеткізіледі. Содан кейін кезең-кезеңімен вакцинация басталады.  Тағы бір айта кететін министрлік карантин талабын бұзғандарды әшкерлеу үшін қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.

Айжан Есмағамбетова – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау  комитетінің төрайымы «Қазақстандықтардан, соның ішінде журналистерден сұрайтынымыз. Карантин талабын бұзған деректерге куә болсаңыздар,  бізге   видео-фотоларды жіберіңіздер.  Немесе полицияға, тексеру тобына хабарлаңыздар ».

Жаңа жылдық мереке күндері яғни 31 желтоқсан 1 қаңтар аралығында  800 рейд жүргізіліп, елде карантин талабын бұзған 71 мекеме анықталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.