0:00 / 0:00
Оралда жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Чемпиондық рух» атты ауқымды спорттық акция өтті. Жобаны «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар Рухы жастар қанаты ұйымдастырды. Дәстүрге айналған шара биыл үшінші мәрте өткізіліп, жүздеген жастың басын қосты. Акция аясында қатысушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, өзара бақ сынады.










