Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім саласын инвестициялау

c 01:15, 28/05/2020 c 537

0:00 / 0:00

Ерекше форматта өткен Ұлттық сенім кеңесінің кезекті отырысында білім саласын реформалау мәселесі талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелерімен онлайн режимде отырыс өткізді. Кеңес мүшелері білім саласындағы кемшіліктерді жарыса айтты. Бірі қазақ тілінде білім беретін ұлттық мектеп үлгісін ұсынса, екіншісі жоғарғы оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік гранттар жағдайы төмен отбасылардың балаларына үйлестірілуі тиіс деді. Төтенше жағдай кезінде қашықтықта оқыту барысы көрсеткендей, цифрландырудың дамымай жатқаны айтылды. Ал пандемия кезінде көзіміз жеткендей, енді елде оқушылар мен мұғалімдерге арналған телеарна ашатын уақыт келді деді. Өз кезегінде мемлекет басшысы, мемлекеттік тіл тәртебесін көтеруді, педагог мамандығына оқитын студенттердің шәкіртақысын өсіруді, ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыруды, грант бөлу көлемін көбейтуді, мемлекеттік қызметкерлерді ротациялауды, білім сапасы төмен  университеттерді жабуды, мектеп, жатақхана, интернат салуды ұсынып, үкіметке тиісті тапсырмаларды жүктеді. Ұлттық кеңесте талқыланған мәселелер жайында толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Елдегі карантин жағдайына байланысты Ақорда ұлттық  кеңес мүшелерімен  онлайн режимде отырыс өткізді. Білім саласындағы олқылықтар тізбектелді. Қазақстан білім беру деңгейі бойынша көптеген елдерден қалыс қалып отырғаны айтылды. Кеңес мүшелері қазақстандық жастарды қолдау мәселесі кенже қалып отыр деді. ЖОО білім беру сапасы сын көтермейді. Ал мемлекеттен бөлініп жатқан грант жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына берілуі тиіс деген ұсыныс айтты кеңес мүшесі Асылбек Қожахметов. Яғни байдың білімді балалары  гранттан қағылады ма деген сұрақ туады. Бүгінде студенттердің 30 пайызы ғана грантқа оқиды. Қалғаны ақылы. Сондай-ақ,  қазақ тілінің мәртебесі де сөз болды. Жиынға қатысушылар ұлт мектебінің үлгісін жасауды ұсынды.  Бүгінде ел мектептерінде үш тұғырлы тілде білім беріліп жатыр. Бұл орайда "әлем азаматы" рухында білім алған баланың Қазақстанның нағыз жанашыр азаматы болып өсуі екіталай деді Рауан Кенжеханұлы.

Ел Президенті өз кезегінде, қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін, тұншығып жатқан тіл комитетін ақпарат министрлігінен алып, білім министрлігіне беруді ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит беруді ұсынды. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен жастар үшін грант санын ұлғайту мәселесін қарастыру қажеттігін айтып, Үкіметке,  кеңес  мүшелеріне осы мәселеге қатысты ұсыныстар енгізуі тиіс деді.  Себебі, еліміздің дарынды жастары шетелге кетіп жатыр. Оған себеп, ел университеттерінде сапалы білім жоқ.  Сондай-ақ, Президент ЖОО оқытушыларының жалақысын өсіруді ұсынды.

Ауыл балаларының білім алу сапасын арттыру үшін, ауылға мықты мамандарды жіберу қажет. Ол үшін Дипломмен ауылға баратындарға жағдай жасалуы керек деді.

Сондай-ақ, Тоқаев педагог мамандарын дайындайтын арнайы ЖОО болуы тиіс деді. Ал мұғалім мамандығына оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын 42 мың теңгеге көтеруді тапсырды.Бұл орайда өтірік диплом беретін, білім  сапасы сын көтермейтін ЖОО жапқан жөн деп сынады.

Мемлекет басшысы сапасыз оқулық дайындайтындарды  жауапкершілікке тарту тетігін заңды түрде бекітуді тапсырды.

"Нашар оқулық дайындалса, ол кітап қолданысқа түспесе, әзірлеушіні жауапкершілікке тарту қажет. Басқаша болмайды", - деді.

Президент ұлттық кеңестің отырысында жалпы мемлекеттік қызметке тағайындауда білімді, отан сүйгіш жастарға басым берген жөн деді. Бір сөзбен айтқанда жалпы мемлекеттік қызметкерлерді ротациялау керек деген тапсырманы жүктеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның білім беру саласына қаражат аз бөлінеді және жүйе жоқ екенін айтты. Елде бір оқушыға жылына 1 мың доллар бөлінсе, дамыған елдерді 10-14 мың доллар бөлінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.