Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бар мейірім балаларға

c 17:56, 01/06/2021 c 358

0:00 / 0:00

Байдаркада және каноэде есу спорты облыста қарқынды дамып келеді. Өйткені өңірдің атын шығарған спортшылар аз емес. Бүгінде бұл спорт түріне қызығушылар артуда. Облыста осы салаға үш мыңнан аса бала  дағдыланып жүр. Ашық қалалық біріншілікке еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса жас спортшы қатысты.Бұл шара халықаралық балалар күніне орай өткізілді. Айта кеткен жөн, дәл осы күні шаһардың әр аумағында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, кәсіпкерлер балаларға көптеген тосын сый жасап, мейрімділік пен жомарттық танытты.Ашық қалалық біріншілікке қатысқан жас спортшылардың ішінде осы кезге дейін жеңіс тұғырынан көрінген жастар да бар. Оларға жергілікті кәсіпкерлер үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мәселен "Серік" өндірістік жабдықтау" кәсіпорнының құрылтайшысы талантты жастарға қолдау көрсетуден жалыққан емес. Және «Ақжол» ХДП болам деген баланың белін буып, түрлі байрақты бәсекелерде спортшылардың қамын жасап келеді. Балаларды қорғау күнінде бұл игі іс жалғасын тауып, кәсіпкер Серік Ролланұлы бүлдіршіндерге велосипед пен спорттық форма сыйға тартты. Ал ашық қалалық біріншілік қортындысы ертең анықталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.