Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АС БОЛМАЙДЫ

c 09:10, 30/05/2022 c 592

0:00 / 0:00

Табысы төмен отбасылары бүгінде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып жан бағып отыр. Табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 70%-ынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады. Отбасының әрбір мүшесіне айына орта есеппен 10 270 теңге беріледі. Тұрмысы төмен отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылады. Бұл бір балаға айына орта есеппен 8 мың теңгені құрайды.
Өткен жылғы көрсеткішке сүйенсек, 198 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бюджеттен 69,9 млрд теңге бөлінді. Ал елімізде мұндай көмек тұрмысы төмен отбасыларға беріледі. Алайда, атаулы көмек дайын асқа бос қасық ретінде қабылданбауы керек дейді шененукітер. Себебі, мемлекеттің бұл қолдауы уақытша.

Өкінішке орай елімізде бай мен кедейлер арасындағы алшақтық жер мен көктей. Мемлекеттің берген көмегі тұрмысы қиын отбасыларының ішкен-жегінінен аспайды. Ал қазір азық-түлік бағасы шарықтап тұрғанда, бұл тиын-тебеннің өзі жеткіліксіз. Кедейшіліктен шығу үшін атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандардың ішінде еңбекке жарамды отбасы мүшелерін жұмысқа тарту, гранттар бөлу, шағын бизнес бастамаларды ұсыну жүргізіледі. 2020 және 2021 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алған 99 220 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты дейді еңбек министрлігінің өкілі

Еңбек министрлігінің мәліметінше, кедейшілік Шымкент қаласы, Алматы облысында көп тіркелген. Ал еліміздің Ордабасы, Аягөз, Сарыағаш аудандары мен Жамбыл облысында кедейшілік 30%-ды құрайды екен. Ал бұл орайда мемлекет ұсынып отырған әлеуметтік көмек ас болмайтыны белгілі. Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда табысы ең төменгі күн көріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі артып 1,5 млн адамды құрады. Біздің елде кедейшілік шегі күніне 2,8 ақш долларын құраса, еуропа елдерінде 5,5 долларды көрсетіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.