Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Астанадағы «7 континент» бизнес орталығы төңірегіндегі жанжал тыйылар емес

c 18:48, 21/01/2020 c 363

Меншік иелері қаржы ұйымының іс-әрекетін рейдерлік деп атады. Бизнесмендер банк өз шағымдарын құрылыс салушыға беруі тиіс деп санайды. Егер кәсіпкерлер сот процестерінен ұтылып қалған жағдайда, оларға миллиондаған несиені қайтура қиынға соғады, ал олардың жүздеген қызметкерлері тұрақты табыс көзінен айырылады. банк құрылыс салушыға 100 миллионнан астам доллар берген. бірақ осындай үлкен ақша үшін банк кепіл сұрамаған. яғни бұл алаяқтық дейді кәсіпкерлер. Біздің түсірілім тобы соңғы сот отырыстарының бірінде болды.

Бұл елорданың оң жағалауындағы "7 континент" кешені. Кәсіпкерлер мұнда құрылыс салушыдан емес, жеке тұлғалардан кеңселік үй-жайлар сатып алды. Алайда, нәтижесінде құрылыс салушы мен банк арасындағы қақтығыстың құрбаны болды. банк борышкерге және қазіргі жылжымайтын мүлік иелерінің компаниясын сотқа берді. Банк қарыздары үшін тіпті осы ғимараттағы пәтерлерді алуға тырысты. Бірақ сот, қаржы мекемесінің бұл талабын орындамады. Алайда, кеңселерді банкке беру туралы шешім қабылданды. нурбанк тіпті бұғаттау туралы шешімді өзгертіп жіберген. Енді бұл кеңселер сатылып кетуі мүмкін. Ал меншік иелерін бұл сотқа тіпті шақырмаптыда. бүгінде сот банктің пайдасына шешім шығарды. Бірақ меншік иелері мұндай шешіммен келіспей отыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, олар әр шаршы метрді заңды түрде сатып алған, сондықтан өз құқығын одан әрі қорғамақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.