Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерге SMS хабарламамен шақырады

c 19:15, 26/02/2021 c 474

0:00 / 0:00

1 наурыздан бастап елде әскерге шақыру шарасы басталады. Қорғаныс министрлігі жас жауынгер қатарына келушілерді SMS-хабарлама арқылы шақыратын болады. Сондықтан әскерге шақыру хабарламасы келіп жатса, отан алдындағы парызыңызды өтеуден бас тартпаңыз. Негізсіз әскерге бармай қалғандар  жауап тартылады дейді министрлік өкілдері.

Цифрланған Қазақстанда әскерге шақыру барысы автоматтандырылып отыр. Пандемия барысында сақтық шараларын қамти отыра,  жас жауынгер қатарына келушілерді SMS арқылы шақыратын болады. Сондықтан әскерге шақыру хабарламасы келіп жатса, отан алдындағы парызыңызды өтеуден бас тартпаңыз дейді әскерилер.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 18 бен 27 жастағы 13,5 мыңнан астам адам әскерге жіберіледі деген жоспар бар. Әскерге шақырылғандар міндеті түрде ПТР-тесттен өтіп, коронавирусқа қарсы вакцина алатын болады. Ал негізсіз әскерге бармай қалғандар  әкімшілік және қылмыстық жауап тартылады.

Дегенмен, әскер жасындағылар арасында Қазақстандық әскердегі тәртіпке сенімсіздік бар. Өкінішке орай, отан алдындағы міндетін атқаруға кеткен өрімдей жастардың әскерден оралмай қалуы, денсаулығына зақым келуі сияқты деректер де орын алуда. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айының 12 күні  Қарағанды облысындағы әскери бөлімде мерзімді қызметте жүрген 18 жастағы сарбаз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Түркістан өңірінен  шақырылған Рамазан Жақып менингиттен ауруханада жан тапсырған.Ал марқұмның ата-анасы  ұлдарының жағдайы  екпе салғаннан кейін күрт нашарлап кеткенін айтқан болатын. Алайда, Ұлттық ұланның әскери бөлімі сарбазға ешқандай вакцина жасалмағанын хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.