Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ARTSPORT-ТЫҢ ЖЫРЫ ҚАШАН БІТЕДІ?

c 18:50, 06/07/2022 c 1806

0:00 / 0:00

Ата-аналарды мазалап отырған Artsport-ң жыры қашан бітеді? Жан басына қаржыландыру арқылы Қазақстанда балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелері тегін жұмыс істеп тұр. Алайда әкмідіктер қаржы тапшы деген сылтаумен, бұл бағдарламаны тоқтатпақшы болды. Кейін ата-аналар, кәсіпкерлер бас көтерген соң, мәдениет министрлігі артспорт бағдарламасы арқылы тарифты 50 пайызға төмендетуді ұсынды. Алайда, ата-аналар мен бағдарламаны ұсынушылар енгізілетін өзгеріске қарсы. Осы мәселеге қатысты белсенділер мен экономистре және депутаттар жиын өткізді.

Бір жылға жуық Artsport желісі арқылы балаларын тегін спортқа, үйрімелерге беріп жүрген ата-аналардың қуанышы көпке созылмады. Ал осы салада кәсібін өрбітіп отырған бизнесмендер шығынға батып, педагогтер жұмыссыз қаламыз деп алаңдаулы. Себебі, жан басына қаржыландыру арқылы Қазақстанда балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелер енді тегін болмайды. Мәдениет министрлігі артспорт бағдарламасы арқылы тарифты 50 пайызға төмендетуді ұсынды. Яғни үйрімеге балаңызды бергіңіз келсе жарты ақшасын мемлекет, жарты ақшасын өзіңіз төлейсіз. Тегін ештеңе жоқ. Жыры бітпей отырған артспорт бағдарламасына қатысты мәселені депутаттар, экономистер мен сарапшылар талқылады. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бұл бағдарламаны тоқтатпау керек деп отыр.

РАХЫМ ОШАҚБАЕВ – ЭКОНОМИСТ «Президент Тоқаев ұсынған бұл бағдарлама 30 жылдағы ең тиімді жоба болып еді. Ол сұраныс тудырады, кіріс әкеледі, жұмыс орнын береді, адам капиталының өсуіне оң әсерін тигізеді»

Осы идеяны ұсынушылардың бірі -Балалар омбудсмені Аружан Саинның айтуынша, төлеп отырған салығымыз балалардың қажетіне жұмсалуы тиіс.

АРУЖАН САИН – БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША УӘКІЛ «Біз салық төлеп отырмыз. Сол салығымыз азаматтардың қажетіне жұмсалса дейміз. Ең үлкен қажеттілік-балалар. Орташа жалақы алып отырған отбасыларының табысы балаларын дамыту орталықтарына беруге жетпейді. Мына бағдарлама балалар теңдігін сақтап, бәрінің спортқа бейім болып, үйірмелерге баруына мүмкіндік беріп отыр»

Мәжіліс депутат Смирнованың пікірінше, еңбек министрлігі қазына қаржысын трнлдап жұмсап тұрақты жұмыс орнын құра алмай жатқанда, мына бағдарлама қаншама жұмыс орнын беріп отыр.

ИРИНА СМИРНОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бұл жоба жұмыспен қамтуды шешіп отыр. Еңбек министрлігі бір жыл бұрын 150 мың жұмыс орнын құруға трлн теңге жұмсады. Соның 13 пайызы ғана тұрақты жұмыс. Оларға керегі сол. Қазына қаржысынан құр қалғылары келмейді. Мына бағдарлама оларға кедергі болып отыр».

Арспорт желісі арқылы кәсібін өрбітіп отырған бизнесмендер мен ата-аналар, педагогтер Президенттен қолдау сұрап, өтініш білдірді. Қазір бұл мәселе үкімет деңгейінде талқыланып жатыр.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Көптеген бизнесмендер бұл бағдарламада өз пайдасын көргісі келеді. Біз балаларға жағдай жасауымыз керек. Арспортта 495 мың баланың мәселесі ғана қамтылған. Ал бұдан басқа да қаншама мемлекеттік бағдарлама бар екенін ұмытпаңыздар».

Осылайша аты шулы Artsport мәселесіне әлі де нүкте қойылған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.