Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжолдың қолдауы

c 21:12, 31/07/2020 c 533

0:00 / 0:00

Елді індет жайлап жатқан кезде шағын қалалар мен ауылдарды қолдау назардан тыс қалып жатыр. «Ақ Жол» Партиясының төрағасы Азат Перуашев Ақмола облысының Ерейментау ауылына іс сапарында осылай деді. Мәжіліс депутатының айтуынша,  пандемия барысында табысынан айырылған ауыл халқының тұрмыс-тіршілігі де мәз емес, ауыл балаларын алдағы оқу жылына дайындау барысы да кенже қалып отыр. Ақжолдықтар  Қасиетті Құрбан айттың бірінші күнінде Ереймен өңіріне сапарында аудан ауруханасына медициналық қорғану киімдерін, бетперделер табыс етті. Сондай-ақ, ауылдың 10 аз қамтылған және көпбалалы отбасына азық-түлік пен құрбандыққа шалынған мал етін тарту етті.

Шағын қалалар мен ауылдарды аралап, халықтың әл-ауқатын біліп, қажетті көмек қолын созып жүрген Ақжолдықтар бұған дейін еліміздің басқа да өңірлерінде болды. Партия фракциясының депутаттары өз аймақтарында халыққа қолдау жасау шарасын жалғастыруда. Ал Ерейментау өңіріне сапарында партия төрағасы Азат Перуашев қасиетті Құрбан Айт мерекесінде құрбандыққа қара мал шалып, осы аудандағы және Малтабар ауылындағы 10 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратып берді. Бұған қоса қажетті  деген азық-түлік пен балаларға арналған тәттілерді ұстатты.

Қасиетті айт мерекесінде қолдау көріп жатқан ауылдықтар ризашылығын жасыра алмады.  Шум

Енді бірі Мәжіліс депутатына өтініштерін де айтып қалды. Көпбалалы отбасының анасы алдағы жаңа оқу жылында балаларын қашықтықтан қалай оқытамын деп уайымдап отыр. Себебі, баларына қажетті компьютер, смартфон жоқ. шум

Депутаттың айтуынша, елді індет жайлап жатқан кезде шағын қалалар мен ауылдарды қолдау назардан тыс қалып жатыр. Мысалы, Ерейментау  ауданында дәрі-дәрмек тапшы болып жатқанда осы ауылдан шыққан азаматтар қолдау жасапты. Ал үкіметтің көмегі кешігіп жетті.

Өз кезегінде Перуашев партия атынан аудандық ауруханаға жүздеген медициналық бетперде, қолғап және қорғану киімдерін табыстап, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрап еді. Бұл жерде де мәселе жоқ емес. Ерейментаулық дәрігердер ковид жұқтырып, ауырып шыққанымен әлі өтемақыға қол жеткізе алмай отыр. Шум

Марал Сүлейменова ерейментау аудандық ауруханасының бас дәрігері «Бізде 16 дәрігер ауырды. Қазір эпид зерттеу жүргізіп үш дәрігердің жұмыста ковид жұқтырғанын анықтап, өтемақыға үш дәрігерге өтініш бердік. Ауданда жалпы 112 адам індет жұқтырып, 104 емделіп шықты. Бізге астана жақын сондықтан ахуал күрделеніп кетті».

Қауіпті індет шарықтаған сәтте Ақмола облысының Ерейментау ауданында ахуал күрделеніп кеткенді. Өңірлік дәрігерлер қазір жағдай тұрақталып жатыр дейді.

Сондай-ақ, депутат ауылдағы дәріханаларды аралап шықты. Елдегі дәрі тапшылығына қатысты айғай шудан соң, ауылға да қажетті дәрі енді жетіпті. Бірақ, дене қызуын өлшейтін құрал әлі деп тапшы болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.