Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық ауданында жыл соңына дейін инсульт орталығы ашылады

c 15:06, 17/07/2018 c 849

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде орталық коммунимкациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Инсультті орталық облыстың оңтүстік аудандарына арналған. Бұдан өзге аудан орталығынан 300 орындық мектеп-гимназия ғимаратын 100 орындық жатақханасымен салу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. Жоба құны 1426 млн теңге.

БҚО-да марқа етін шығарумен айналысатын зауыт жұмысы тоқтап тұр деген сыбыс жыл басынан естілген еді. Оған не себеп болып отыр? Бұл сұраққа бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына жауап берген Ақжайық ауданының әкімі жауап берді. Әділ Жолмановтың айтуынша, кәсіпорын қарызға белшесінен батқан. Қазіргі кезде жұмысты жандандыру үшін қажетті соманы іздестіріп жатыр. Бұдан өзге Ақжайық ауданында халық үшін маңызы басым қандай іс тындырылуда?

Ақжайық ауданында президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға өткен жылы 11 млн қаражат жұмсалыпты, ал биыл 40 жобаны жүзеге асыруға 58 млн. теңге қарастырылып отыр. Астананың 20 жылдығына орай, ауданның Шабдаржап ауылында 198 орыдық мектеп пен Астана деп аталатын 100 балаға арналған балабақша қолданысқа берілген. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша да біраз жоспарлар алға қойылған.

Қазіргі уақытта 24 ауылда ауыз су мәселесі шешілген. аудан тұрғындарының 81 пайызы таза сумен қамтылыпты. пайдаланылған суды бір орынға жинап, шаурашылықта пайдалану мақсатында кәріз жүйесін жүргізу жоспарлануда. балғын марқа етін өндіру айналысатын "Батыс марқаламб" кәсіпорнының жұмысының тоқтауы аудандағы өзекті мәселеге айналып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.