0:00 / 0:00
Орал қаласында мемлекеттік қызметшілерді адалдық пен ашықтық қағидаттарына арналған зияткерлік ойын біріктірді. «Адал қала – Адал қызмет» атты қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара ерекше форматта – Шаған өзеніндегі серуендеу базасында өтті. Қатысушылар заңнама, қызметтік әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бойынша білімдерін сынады. Ал үздік нәтиже көрсеткен командалар сайыс қорытындысы бойынша марапатталды.










