Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ӨЛІМІНЕ СЕБЕП БОЛҒАН ЖОЛ АПАТЫ СОТТА ҚАРАЛУДА

c 16:39, 26/11 c 1

0:00 / 0:00

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Кішкентай қыз жол-көлік оқиғасынан кейін 20 күн бойы комада жатып, ауруханада көз жұмған. Қайғылы жағдай биыл тамыз айында кешкі сағат жетілер шамасында болған. Қыз бала үйіне жақын дүкеннен тәтті нан сатып алып қайтып келе жатқанда, оны такси жүргізушісі қағып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, жол жиегіндегі қоқыс жәшігі мен жаяу жүргіншілер белгісі де зақымданған. Сот алдында 44 жастағы жүргізуші жауап беруде. Ол жалға алынған көлікпен жеке тасымалдау қызметін көрсеткен. Айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындайды. Оның айтуынша, көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспаған. Алайда жәбірленуші тарап бұл уәжбен келіспейді. Марқұмның анасы қызының отбасындағы тұңғыш бала болғанын айтады. Ол би үйірмесіне қатысып, театр студиясына барған. Белсенді әрі зерек қыз болған. Іс жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қаралуда. Бұл бапта бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.