Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ШЫҚҚАН ҮШ ЕР АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТКЕН

c 16:36, 26/11 c 1

0:00 / 0:00

Шығыс Қазақстан облысында балық аулауға шыққан үш ер адам суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Ертіс өзенінде, Шемонаиха ауданына қарасты Зевакино ауылының маңында болған. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1984, 1960 және 1967 жылы туған үш азамат өзеннің жайылма бөлігіндегі әлі қатпаған мұз үстіне шыққан. Алайда мұз ойылып, үшеуі де суға кеткен. Марқұмдардың ешқайсысында құтқару кеудешесі болмаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар су астынан үш адамның денесін алып шықты. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды алғашқы аяз түсе салысымен мұз үстіне шығуға асықпауға шақырады. Өйткені су беті қатқанымен, мұздың қалыңдығы адам көтеретіндей қауіпсіз деңгейге бірден жетпейді. Мұндай немқұрайдылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.