0:00 / 0:00
Алматы қаласының Медеу ауданында ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған. Полиция күдіктіні оқиға орнынан жедел ұстады. Қайғылы жағдай жеке тұрғын үйде болған. Бірге бас қосқан екі ер адамның арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде 50 жастағы үй иесі 45 жастағы танысына пышақ жарақатын салып, ол оқиға орнында көз жұмған. Болған жайттан кейін күдікті марқұмның денесін үйдің жертөлесіне жасырып, қылмысты бүркемелеуге тырысқан. Алайда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында «Боран-609» патрульдік экипажының көмегімен оны қолға түсірді. Қылмыс құралы да тәркіленген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.







