Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Антибиотиктерді рецептсіз сатқан дәріханаларға 8,2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

c 06:23, 21/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз сатқан дәріханаларға 8,2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Жыл басынан бері елімізде дәрі-дәрмекті босату тәртібін бұзудың 38 дерегі анықталған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, мұндай заңбұзушылықтар жыл сайын тіркеліп келеді. Мәселен, 2023 жылы 3,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған 26 хаттама толтырылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 45 дерекке жетіп, айыппұл көлемі 7,6 миллион теңгеден асқан. Ал 2025 жылы 59 заңбұзушылық анықталып, 9,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Биыл тіркелген деректер саны өткен жылмен салыстырғанда азайғанымен, мәселе әлі де өзекті. Дәріханаларда рецептсіз сатуға жиі әрекет жасалатын дәрілердің қатарында азитромицин, цефтриаксон, цефазолин және ципрофлоксацин бар. Министрлік мамандары антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау бактериялардың дәріге төзімділігін арттыратынын ескертеді. Соның салдарынан кейін бұл препараттар инфекцияны емдеуге әсер етпеуі мүмкін. Осы мәселенің алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық экономиканы дамыту орталығымен бірлесіп, қауіп деңгейі жоғары дәрілерге электронды рецепт енгізіп жатыр. Жаңа жүйе тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау тетігімен байланыстырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.