Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗДЫ ТҰНШЫҚТЫРЫП ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

c 06:38, 14/11 c 1

0:00 / 0:00

Астанада таныс қызын тұншықтырып өлтіріп, оның ақшасын досына аударған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қылмысын жасыру үшін елордадан қашуға тырысқан күдікті жол үстінде қолға түскен. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, ер адам мен қыз осы жылдың қаңтар айында интернет арқылы танысып, біраз уақыт кездескен. Алайда бір айдан кейін бойжеткен қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Ол Таиландқа сапарға дайындалып жүрген. 4 ақпанда екеуі қайта кездесіп, кейін қыз уақытша тұрып жатқан пәтерге барған. Сол жерде жанжал шығып, ер адам танысын тұншықтырып өлтірген. Осыдан кейін ол марқұмның мобильді қосымшасына кіріп, жинаған ақшасын досының есепшотына аударған. Артынша ізін жасыру үшін такси шақырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ақшаның қайдан түскенін сұраған досына күдікті тек смайлик жіберген. Келесі күні ол досынан ақшаны қолма-қол шешіп алуды өтініп, Астанадан Таразға қашпақ болған. Алайда полицейлер оны жол үстінде ұстады. Ал марқұмның денесін пәтерден әпкесі мен құрбысы тапқан. Сотта айыпталушы ақшаны ұрлағанын мойындағанымен, адам өлтіру ниеті болмағанын айтып, әрекетін абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру бабымен қайта саралауды сұраған. Алайда сот оның уәжін қабылдамай, кінәсін толық дәлелденген деп таныды. Нәтижесінде ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген. Дегенмен марқұмның туыстары тағайындалған жазаны тым жеңіл деп есептейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.