Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-лық спортшы мемлекеттік марапатқа ие болды

c 15:49, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының тумасы, каратэші Биғабыл Жоламан жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. Спортшы отандық спортты дамытуға қосқан үлесі және Азия ойындарындағы жарқын жеңісі үшін марапатталды. Биғабыл Жоламан - WKF каратэсінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумитэ бағытында өнер көрсетеді. Спортшы бірнеше жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі саналады. Оның қоржынында Азия чемпионатының бес дүркін жеңімпазы атағы, Ислам ойындарының жүлдесі және жуырда өткен Азия ойындарының алтын медалі бар. Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде Президент Қазақстан құрамасының жетістігіне тоқталды. Оның айтуынша, спортшылардың табандылығы мен жанқиярлығының арқасында Азия ойындарында еліміздің әнұраны бірнеше рет шырқалып, көк байрағымыз биікте желбіреді. Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы 84 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі - алтын, 24-і - күміс, 48-і - қола. Осы нәтижемен ұлттық құрама 46 ел қатысқан жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. Батыс Қазақстандық спортшының мемлекеттік марапатқа ие болуы - өңір спорты үшін де зор жетісті

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.