Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

c 15:40, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Астанада екі жасөспірім қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандар - 13 жастағы екі қыз. Қайғылы оқиға елордадағы Әнет баба көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция деректі растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.