Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АИТВ жұқтырған 10 адам іздестірілуде

c 14:03, 11/11 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында АИТВ инфекциясымен диспансерлік есепте тұрған 10 адамды полиция іздестіріп жатыр. Олар ем қабылдаудан бас тартып, дәрігерлердің бақылауына келуді тоқтатқан. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Мәлімет 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берілген. Ведомствоның хабарлауынша, олардың арасында жұмыс бабымен шетелге немесе Қазақстанның өзге өңірлеріне көшіп кеткен азаматтар бар. Алайда олар облыстағы медициналық ұйымдардан есептен шықпаған. Сондай-ақ кейбірінің қазіргі тұрғылықты мекенжайы белгісіз. Қазір олардың орналасқан жерін анықтап, қайтадан медициналық бақылауға тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске көші-қон қызметі мен Полиция департаментінің мамандары жұмылдырылған. Бұдан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарының деректері мен медициналық ақпараттық жүйелер арқылы да іздестіру шаралары қолға алынған. Ал ем қабылдаудан бас тартқан азаматтармен арнайы мамандар тобы жұмыс істейді. Оның құрамына дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер және патронаждық мейіргер кіреді. Негізгі мақсат - пациенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, антиретровирустық терапияны яғни ем қабылдауды қайта бастауға көмектесу және оларды тұрақты медициналық бақылауға қайтару. Айта кетейік, антиретровирустық терапия АИТВ инфекциясының дамуын тежеуге және адамның денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан емді үзбей қабылдау маңызды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.