0:00 / 0:00
Мектеп мерейтойы - өткенге тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерді ұлықтайтын ерекше кезең. Биыл Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп-гимназиясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай білім ордасында «25 жыл - 25 түлек» атты мерейтойлық жоба аясында қала мектептері арасында дәстүрлі садақ атудан турнир ұйымдастырылды. Спорттық шара мектеп түлегі, халықаралық додада ел намысын қорғаған Асемгүл Ғалымжанованың құрметіне арналды.







