Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

12 ауыл әкімі айыппұл арқалады

c 16:13, 14/10 c 1

0:00 / 0:00

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында тазалық талаптарының сақталуын тексеру кезінде 15 заңсыз қоқыс орны анықталды. Елді мекендердің тазалығын бақылауға жауапты 12 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл заңбұзушылықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілген тексеру барысында белгілі болған. Прокуратура мамандары спутниктік суреттерді талдап, аудан аумағын тексерген. Сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 177 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал ауылдық округ әкімдеріне қоқыс орындарының пайда болуына тиісті бақылау жасамағаны үшін айыппұл салынды. Айыппұлдар толық төленген. Прокуратура тұрғындарды тазалық сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды. Заңсыз қоқыс орындарын анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.