0:00 / 0:00
Мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген талдау барысында жер пайдаланушылардың бірқатар жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сәйкес игермегенін анықтады. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы аумағы 6 200 гектардан асатын, кадастрлық құны 75 миллион теңгеден жоғары жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жерлер заңды экономикалық айналымға енгізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жер учаскелерін ауылдық жерлерде тұратын адал жер пайдаланушыларға беруге дайын.







