Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МИНИСТРЛІГІ «ЯНДЕКС» ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕГІ ЖАППАЙ АҚАУҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

c 14:55, 13/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі «Яндекс» сервистерінде болған жаппай ақауға қатысты мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы «Яндекс» пайдаланушыларының дербес деректерін сақтауға арналған серверлер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Министрліктің мәліметінше, сервистер жұмысындағы іркілістер Қазақстан азаматтары күнделікті пайдаланатын цифрлық платформалардың сенімділігіне қатысты сұрақтар туындатқан. «Қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректерін сақтауға арналған серверлер еліміздің аумағында орналасқан және штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Сонымен қатар министрлік бұл жағдай бүкіл платформаның толығымен дербес жұмыс істейтінін білдірмейтінін нақтылады. Такси және жеткізу қызметтерін көрсетуге қажетті кейбір компоненттер Қазақстаннан тыс жерде орналасқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.